Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

"Street workout" чемпионаты өтеді

AstanaTV
23.09.2021ж. 20:00
1228
"Street workout" чемпионаты өтеді

«JAS OTAN» жастар қанаты мен STREET WORKOUT федерациясы елдің оңтүстігінде  чемпионат өткізбекші. Байқау қазанға жоспарланған. Тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды және бұқаралық спортты бірге дамытуға ниетті екендерін білдірді.  Ал келесі жылы республикалық чемпионат ұйымдастыру жоспарланып отыр.  Street workout –  көше мәдениетін дамытудағы ең танымал бағыттардың бірі және қолжетімді спорт түрі. Елімізде Workout федерациясының   11   филиалы бар.  Олардың әрқайсысына кемінде екі жүз спортшы қатысады.  

 Асылжан БҮРКІТАЛИН, «JAS OTAN» ЖҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Негізгі мақсат стрит воркаутпен айналысатын мыңдаған жастарды қалыптастыру. Бұл бойынша біздің жас депутаттар корпусы, "Jas Otan" жастар қанатының белсенділері, біздің еріктілеріміздің барлығының күшін жұмылдырып, жастардың арасында насихаттау жұмыстарын жүргізетін боламыз.

Ғабдолла ДҮЙСЕНБАЕВ,  STREET WORKOUT ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


Жоспар жетерлік, келесі жылы 20 мың жасты осы спорт түріне тартамыз деген үмітіміз бар.

Б. Сатуов