$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жастарға қосымша 90 грант бөлінеді

AstanaTV
05.10.2021ж. 20:00
1302
Жастарға қосымша 90 грант бөлінеді

Қарашадан бастап кәсіппен айналысамын деген елордалық жастарға 90 грант бөлінбек. Бұл туралы қалалық халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту орталығы хабарлайды. Осылайша Еңбек бағдарламасы аясында мектеп түлектерін жұмыспен қамту көзделіп отыр. Биылдан бастап іске қосылатын жаңа жоба жайлы келесі бейнематериалда.

Жас елордалық кәсіпкерлері үшін жаңа мүмкіндік. Келесі айдан бастап оларға 90 грант бөлінбек. Биыл қала бойынша жастар тарапынан гарнтқа өтінімдер көп түскен. Дегенмен, бұл конкурсқа тек Бастау бизнес жобасын аяқтаған азаматтар ғана қатысуға құқылы. Қазіргі таңда қосымша грантқа үміткерлердің өтінімдерін қабылдау басталып кетті.

Нұрбол АСПАНДИЯРОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ӘКІМДІГІНІҢ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ КММ КӘСІПТІК ОҚЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

50 пайыздан астам гранты бізде тігін, тамақ өнеркәсібіне қатысты. 40 пайызы қызметтік салада. 10 пайызы өндірістік саланың жобалары. Тағы бір кәсіпкерлік қолдау ретінде несиелендіру жүргізіледі мемлекет тарапынан. 6 пайыздан, 23 млн-ға дейін биыл.

"Еңбек" бағдарламасы аясында жұмыспен қамту орталығында тағы бір жаңашылдық пайда болды. Биыл «Алғашқы жұмыс» деп аталатын жоба іске қосылды. Бұған жұмыс іздеп жүрген жас түлектер, 29 жасқа толмаған жастар және NEET санатындағылар қатыса алады.  Мамандардың мәліметінше, өтінім білдіруші өзінің қалаған саласында 2 жылға жұмысқа орналаса алады. Дегенмен, айлық жалақысы 58 мың теңгеден аспайды. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан бойынша 60-тан аса адам осы бағдарлама арқылы жұмысқа орналысып үлгерген.
 
Гаухартас ТӨЛЕНҒАЗИНА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жұмыспен қамту орталығы  маған ең бірінші жұмысыма орналасуыма көмектесті. Орталық бір жағынан оқып, бір жағынан жұмыс істеуіме үлкен мүмкіндік берді. Мемлекет біздерге, жастарға, осындай тиімді мүмкіндік бергеніне үлкен алғысымды білдіремін.  

Дарья ҒАБДОЛЛАЕВА, ХЖҚО УАҚЫТША ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Осы бағдарламаға қатысушыға тәлімгер бекітіледі. Қатысушының айлық жалақысы 20 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Жыл басынан бері халықты жұмыспен қамту орталығына қала бойынша 16 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 9 мыңы толықтай еңбекпен қамтамасыз етілген.

Д. Жарқынбек