$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Бөрте» бейнесін сомдайтын актрисалардың есімі белгілі болды

AstanaTV
06.10.2021ж. 20:00
3174
«Бөрте» бейнесін сомдайтын актрисалардың есімі белгілі болды

Түркістан музыкалық драма театрының шымылдығы ашатын «Бөрте» спектаклінде, басты рөлді ойнайтын әртістердің есімі белгілі болды. Тарихи қойылым әртістердің екі құрамымен сахналанбақ. Бірінде белгілі опера әншісі, әрі актриса Айя Шәріп, ал екінші құрамда Ғабит Мүсірепов атындағы театрдың актрисасы Ақбота Рахат басты кейіпкерді сомдамақ. Бұл жайында бүгін театр ұжымы  өткізген баспасөз жиынында айтылды.

Ақбота РАХАТ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ:

Бұндай тұлғаны әрине ізденіс барысында өте қиын болды. Өйткені деректер аз болды. Бірақ та біз актриса болғандықтан өзіміздің қиялымызға да ерік беріп, біз жан жақты ізденіп, халыққа бұл рольді өзінің бір биік деңгейінде көрсетуге қазір еңбек барысындамыз. Енді бұның бағасын болашақта халық бере жатар.  
 

Ал, Шыңғыс хан рөлін бірінші құрамда Еркебұлан Дайыров, екінші құрамда Нұркен Өтеуілов  сомдайды. Жазушы-драматург Дулат Исабековтың сиясы кеппеген «Бөрте» пьессасын сахналауға қажетті дүниенің барлығы жергілікті ұжымның қолымен жасалып жатыр,- деді театр директоры. Қазір әртістердің сонау замандағы киім -кешегі мен тіпті образды ашудағы маңызды шаш үлгілері, сақал-мұрттарына дейін сақадай-сай тұр. Гримдеуші қыздарға дейін инемен құдық қазғандай әрекет үстінде.

Адель НҰРҚАСЫМОВА, ӘРЛЕУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ, СУРЕТШІ ГРИМЕР:
                                                                                                              
Мінекей, бәрі қолдан жасалған. Мынау Қоршидың паригі, мінекей Шыңғыс ханның париктары...Мынадай дүниенің бәрі қолдан жасалған. Әрбір шаш бір бірден тоқылған. Өте көп жұмыс жасалынды. Сол кездегі моңғалдар, меркіттер, қоңыраттар қандай болды, соның бәрін зерттеп,  эскиздарын жасап алдын ала дайындалған заттар бұның бәрі.

А. Төребекқызы