Муасым
айында ипотекалық несие рәсімдегендер саны артты. Екінші деңгейлі банктер
жұртқа 1 триллион теңгеге несие берген. Ранкинг кз осындай ақпарат таратты. Бұл
өткен жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға артық. Демек, рәсімделген несие сомасы
14 миллиард теңгеге жоғары. Үйді несиеге алғандар Астана, Алматы, Ақтөбеде көп.
Маусымда Астанада ипотекаға сұраныс күрт өскен. Бір айда 4,8 миллиард теңгеге
несие рәсімделіп, 229 миллиардқа жеткен. Бұл елдегі ипотекалық қарыздардың
22,7 пайызын құрайды. Алматылықтар үй алу үшін 3,3 миллиард теңге қарыз алған.
Жыл басынан бергі сома 301 миллиардтан асады. Үштікке енген Ақтөбе жұрты 885
миллион теңге қарыз алған. 6 айда банктен алынған қарыз 53 миллиардтан асқан.
Шілдеде 19 мыңнан астам сату-сатып алу келісімі жасалған. Бұл өткен жылғы
мерзімнен 26 пайызға артық. Жұртты негізінен көпқабатты үйлердегі пәтерлер
қызықтырады. Оған сұраныс 34,8 пайызға артты. Ал жеке үйлерді алушылар 14
пайызға жоғары.
Екі жылдық тоқыраудан соң банктердегі ипотекалық несиелеу өткен
жылдың аяғында жанданды. Шілдеде жаңа үйдің шаршы метрінің орташа құны 252 300
теңгені құраған. Ол маусым айынан 1,3 пайызға қымбат. Ал ескі үйлердің бағасы
өзгерген жоқ. Орташа бағасы 188 100
теңге. Ал баспананың шаршы метрі 300 мың теңгеден жоғары аймақтар -
Астана, Ақтау, Атырау мен Шымкент қалалары.