Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жамбыл облысын алапат жел ойрандап кетті

AstanaTV
17.11.2021ж. 20:00
1335
Жамбыл облысын алапат жел ойрандап кетті

Жамбыл облысын алапат жел ойрандап кетті. Көшедегі адамдарды ұшырып, жүк көлігі мен қала ішіндегі аялдамаларға дейін аударып тастады. Одан бөлек бірнеше шағын ауданда жарық сөніп, бағдаршамдар істен шыққан. Ағаштар құлап, газ құбырлары қирады. Кей аудандарда қар аралас ақ түтек боран тұрды. Жолдар жабылып, жылу қазандықтары тоқтады.  

Жамбыл облысында екпіні қатты жел соғып, қаланың астан-кестеңін шығарды. Тараздағы 18 көпқабатты үй, 16 мектеп пен 4 балабақшаның шатырын жұлып әкеткен. Жойқын жел 18 бағананы құлатып, салдарынан 2 шақырымға жуық электр желісі үзілді. Жеке сектордағы тұрғындардың да қоршаулары құлап, газ құбырларын қиратып тастаған.

Табиғаттың тосын мінезінен 50-ден астам адам медициналық көмекке жүгінгенді. 41 адам түрлі дене жарақатын алып, 7- тұрғын стационарға жатқызылған. Оның үшеуі бала. Медициналық көмекке жүгіндердің басым көпшілігі - терезе, ағаштар құлағаннан аяқ, қолы сыныпты. Мектеп оқушылары сабақты онлайн оқуға көшті.

Талған ЖАМАЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қай жерде қатты жел уытқуы болып жатыр, қай жерде қауіп бар әр білім беру мекемесі шешім қабылдап, сол балаларды екінші ауысымдағы балаларды сабақтан босатып, онлайн форматта оқытып жатыр.


Қаланың жартысында жарық өшті. Осының кесіренен жылу қазандықтары уақытша жұмысын тоқтатқан.

Асхат ЕСЕНАЛИЕВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Жылу беруші мекеме болса да сол жаңағы электр желісіне байланысты. Сол электр жүйесінің зақымдануына байланысты біздің қаладағы кіші бес қазандық уақытша жұмысын тоқтатты.

Қазгидромед мамандары дауылды ескерту таратқан еді. Бірақ бұлайшы болады деп еш ойламаған сияқты. Әзірге алапат желден келген шығын әлі белгісіз. Жел кешкісін ғана тынышталғандай болды. Қазір оның залылы есептеліп, қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Коммуналдық қызметпен бірге бірқатар мемлекеттік мекемелер күшейтілген режимге көшкен.

Б. Жұмабайұлы