Шымкентте алғаш рет сколиоз ауруына шалдыққан науқасқа күрделі ота жасалды. Омыртқасы қисайған 10 жастағы қыз балаға тың әдіс қолданылған. Ақ халаттылар жасөспірімнің сүйегін түзетіп, денесін тік ұстау үшін арнайы темір құрылғыны орнатқан. 7 сағатқа созылған медициналық шараға елорданың білікті травматолог дәрігері жетекшілік етті. Дәрігерлердің айтуынша, енді емделушінің денсаулығы бұрынғыдан жақсара түседі. Яғни, аурудың салдарынан пайда болған бүкірлігі жойылады деп отыр. Жалпы, мұндай ота елде 2010 жылдан бастап жасалады. Жыл сайын 150-ге жуық бала аталмыш дерттен емделеді екен.
А. Данияр