$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Келер жылы зейнетақы мен жәрдемақы көбейеді

AstanaTV
23.11.2021ж. 20:00
2091
Келер жылы зейнетақы мен жәрдемақы көбейеді

Келер жылға республикалық бюджеттен әлеуметтік міндеттемеге 4 трлн теңге қарастырылған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Оның ішінде зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін көбейтуге 190 млрд теңге көзделіп отыр. Ынтымақты зейнетақы мөлшері 7%-ға, ал базалық зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы   5%-ға көбейеді.  Сондай-ақ, ең төменгі күнкөріс деңгейі өседі, ол  атаулы әлеуметтік көмек алатын 900 мыңнан астам адамның кіріс деңгейіне оң әсер етпек. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс мөлшері 36 018 теңге, ал айлық есептік көрсеткіш – 3 063 теңге болады.

А. Базарбай