Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Елордада жұмыс берушілер мен «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің форумы өтті

AstanaTV
30.11.2021ж. 20:00
1821
Елордада жұмыс берушілер мен «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің форумы өтті

Бүгін Елордада Тәуелсіздіктің 30-жылдығы аясында, әрі Тұңғыш Президент күніне орай «Болашақ» бағдарламасының жұмыс берушілері мен түлектерінің форумы өтті. Іс-шараға «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары мен түлектері,  мемлекеттік органдардың, ұлттық және жеке компаниялардың өкілдері, жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтардың басшылары қатысты. Форум аясында «Болашақ» президенттік стипендиясы түлектерінің жетістіктері мен еліміздің дамуына қосқан үлесі, түлектерді жұмыспен қамту, ел экономикасының нақты секторына озық ғылыми технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

Қуаныш ЕРҒАЛИЕВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

"Болашақ" бағдарламасы Қазақстанның білім саласының брендіне айналды деп айтуға болады. Осы 28 жылдың ішінде 15 мыңнан астам түлегі бар. Осы түлектер жан-жақта Қазақстанның әр салаларында жұмыс істеп жатыр. Білім беру болсын, денсаулық сақтау саласы болсын, инженерия жан-жақта үлес қосып жатыр.


Айнұр КӘРІБОЗОВА, «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ПРЕЗИДЕНТІ:

11 400-ден аса түлектің 50 пайызы, яғни тең жартысы 5000-нан астамы орта, ортадан жоғары деңгейдегі шешім қабылдайтын басшылық деңгейге жеткен азаматтар. Яғни болашақ түлектерінің тең жартысы Қазақстандықтардың күнделікті өміріне тікелей жанама әсер беретін шешімдерді қабылдайтын лауазымды тұлғалар деген сөз.

А. Базарбай