$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елордада Kazakhstan Blockchain Day форумы өтті

AstanaTV
09.12.2021ж. 20:00
1058
Елордада Kazakhstan Blockchain Day форумы өтті

Елде бизнес, экономика және үкімет саласында блокчейн технологияларын дамыту керек. Бұл туралы елордада өткен "Қазақстан блокчейн күні" форумында айтылды. «Қазақстан блокчейн технологиялар қауымдастығының» басшысы басты міндет - криптовалюталардың қаржылық айналымын қамтамасыз ету деді. Жиында сала мамандары мемлекеттік органдармен бірлесіп, стартаптарды таныстырып, оларды Қазақстанда жүзеге асыру мақсатындағы әзірлемелер мен пікір алмасты.

Сапар АХМЕТОВ, ҚАЗАҚСТАН БЛОКЧЕЙН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Қазіргі кезде бұл төртінші ревалюцияның бір бөлігі. Оны барлық елдер дамытып жатыр. Қазір сіздер қарасаңыздар барлық мемлекеттің басшылары, оның ішінде біздің мемлекет басшысы  бұл технологияны қолдап жатыр. Бұл технологияны меңгерген мемлекет ертеңгі күні алдыңғы қатарлы мемлекет болып саналатын болады. Сондықтан да біз көштің соңында қалмауымыз керек.    

А. Базарбай