$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда ана өлімі дерегі көбейген

AstanaTV
21.12.2021ж. 20:00
1728
Алматыда ана өлімі дерегі көбейген

Алматыда ана өлімі тиылмай тұр. Биылғы тоғыз айындың өзінде қалада 21 келіншек бақилық болған. Аймақта қайғылы жағдайлардың жиілегенін акушер-гинеколог мамандар да растап отыр. Олар мұны коронавирустың салдары дейді. Ал қара жамылған отбасылар, індеттің қатысы жоқ екендіне сенімді. Әріптесім Әсем Лесбек, тараптарды тындап көрді.

Бұл төртінші баласына босанамын деп перзентханаға өз аяғымен барған Айжан Шепенованың соңғы суреті. Күлімдеп селфиге түскен жас мұғалімнің оқиғасы осыдан екі ай бұрын болған. Қара жамылған отбасы әйелдің қазасына тікелей дәрігерлерді кінәләйді.

Бақытжан ЕРМЕНТАЕВ, МАРҚҰМНЫҢ ЖОЛДАСЫ:


Дәрігерлерді жазалау керек. Адамды өз қолдарымен өлтіріп отыр ғой олар. Аяқ-қолын аман-есен өзім врачтарға апарған әйелімді.  Ол жерде 6 адамның кінәсі боп тұр. Уже әйелім қайтыс боп кетеді, ішінде баланы алмаған ғой бұлар. Соған мен таң қалам не деген бұлар қанішер адамдар деп.


Қазір іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталған.  9-шы қаңтарға бірінші сот отырысы жоспарланған. Үш перзентімен жалғыз қалған Бақытжан кінәлілердің әділ жазалануын сұрайды.

Бақытжан ЕРМЕНТАЕВ, МАРҚҰМНЫҢ ЖОЛДАСЫ:


Әлі шокта жүрмін. Ұйықтасам да түсімен кетпейді. Анасыз бала қалай болады, қиналамыз. Балаларымда қиналып жүр. Өзімде қиналамын, әке-шешемде қиналады. Бос үйге кіресің.

Бүгінде мегаполисте мұндай оқилардың саны азаймай тұр. Тоғыз айдың өзінде 21 келіншек  босану не жүктілік кезінде көз жұмған. Мамандар өлімнің көбеюіне вирусты себеп болып отыр деді.

Әйгерім АҚШАБАЕВА, АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ ДӘРІГЕР:

 
Ана өлімінің бірнеше себебі бар. Ал соңғы жылдағы ана өлімінің қазақстанда көбеюінің бірден бір себебі ол коронавирус. Қазір ең көп ана өлімін берген сол. Ал акушерлік жағынан келетін болсақ, қан кетулер. Дер кезінде дәрігерге қаралмау.

Психолог мамандар мұндайда жаңа туылған сәбидің болашағын ойлаған жөн дейді.

Айгүл АЛТАЙҚЫЗЫ, ОТБАСЫЛЫҚ ПСИХОЛОГ:


Ана өлімі әсіресе жақындарына әсіресе жаңа туған сәбидің психологиясына қатты әсер етеді.  Анасыз өскеннен кейін кейбір балалар өзін кінәләйді. Мен туам деп өмірден кетті деп. Ондай балалар әрине ынжық, өзіне сенімсіз болады.

Жалпы еліміз бойынша былтыр 156 әйел көз жұмған. Яғни 2,8 есеге өскен. Белсенділер өлімнің артуына көбіне білікті маман мен озық технологияның жетіспеуінде дейді. Болғанның өзінде дұрыс пайдаланбайды деп топшылады.

Ә. Лесбек