Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Аяз атаның артынан қуған баланың видеосы желіде тарады

AstanaTV
29.12.2021ж. 20:00
1253
Аяз атаның артынан қуған баланың видеосы желіде тарады

Әлеуметтік желіде Аяз ата шанасының артынан жүгірген баланың видеосы тарады. Жүрекке жылу ұялатар бейнекөріністі жұрт жарыса тамашалап жатыр.

Автордың айтуынша, бейнеролик  Шығыс Қазақстан облысының Алтай өңірінде  түсірілген. Желі қолданушылары 9 жасар балақайдың  ертегі кейіпкерін бар ынта-ықыласымен  тоқтатқысы келгеніне риза болғандарын жазуда. Әлеуметтік желіде тоқтамай пікір қалдырып, Аяз атаны қуып жеткеніне үміттенгендер көп. Кейбірі өзінің балалық шағын еске түсірсе, кейбірі жүрек тебірентер видеоны көріп,  көзіне жас алғандарын жеткізген.  

Ә. Дүкембаева