Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Түркістан облысында жергілікті тұрғындардан қару, есірткілер мен діни кітаптар алынды

AstanaTV
17.01.2022ж. 20:00
1955
Түркістан облысында жергілікті тұрғындардан қару, есірткілер мен діни кітаптар алынды

Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғындардан қару-жарақтар, есірткі заттары мен діни сипаттағы кітаптарды тәркіледі. Мәселен, Түлкібас ауданы тұрғынынан еш жерде тіркелмеген тапанша мен 16 калибрлі шолақ мылтық тапқан. Аймақта жүріп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел шарасы кезінде небәрі екі тәулік ішінде онға жуық шолақ мылтық, оқ-дәрілер, тапанша мен есірткі заттары алынды. Азаматтарды тінту кезінде олардан металдан жасалған кастеттер де табылған. Бұдан бөлек Жетісай ауданында да заңсыз заттар тәркілген.  

Сұлтанбек ҮСІПБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:


Жетісай ауданында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері тіркелмеген газды тапаншасы, түрлі калибрлі 20-дан астам оқ-дәрілер және металл және ағаш дубинкалар мен "марихуана" салынған орамасы бар күдіктіні ұстады.

Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Ұсталғандардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда деді құзырлылар. Тәжірибелі тергеушілер күдіктілердің қаруларды қандай мақсатта сақтағанын да анықтамақшы.

А. Төребекқызы