$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"AMANAT" партиясының фракция мүшелері елдімекендерді аралап, 1200-ге жуық кездесу өткізген

AstanaTV
21.04.2022ж. 20:00
1865
"AMANAT" партиясының фракция мүшелері елдімекендерді аралап, 1200-ге жуық кездесу өткізген

"AMANAT" партиясының фракция мүшелері, Мәжіліс депутаттары   өңірлерді аралап,  800-ге жуық елдімекенде болды. Ауылдағы ағайынның мұң-мұқтажын тыңдады, тұрмыс-тіршілігімен  танысты.   Аймақтарда   проблема жетеді. Оларды шешудің жолы қандай? Депутаттар бұл сапардан көңілге не түйіп қайтты? Бекболат Сатуов тарқатады.  

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Бұл-партияның халықпен кері байланыс орнатуын,   ашықтығы мен жариялылығын арттыру үшін ашылған баспасөз орталығы. Көпфункционалды ақпарат алаңында бүгін алғашқы баспасөз жиыны өтті.  Ақпан айында ауыл-аймақты аралап, халықтың жағдайымен танысқан фракция мүшелері елде көрген-білгендерін, ондағы өзекті мәселелерді журналистермен бөлісті.

Фракция мүшелері  800-ге жуық елдімекенде болып,  1 мың 200-ден астам кездесу өткізген. Оған 40 мыңнан астам тұрғын қатысып, өңірдегі өткір проблемаларды жеткізген. Әлеуметтік салалар-  денсаулық сақтау, білім беру, еңбекпен қамту бойынша жұртты мазалайтын  мәселе көп.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мысалы денсаулық сақтау пойызына ұсыныс болған. Сол пойызды осы біздің әріптесіміз әлуметтік-мәдени даму комитетінің  мүшесі Павловец Лариса Павловнаның көтеруімен  қазіргі таңда аймақтарға баратын болды. Сонымен қатар алыс шалғай өңірлердегі азаматтардың денсаулығын қарастырып, сол жерде ем-дом шараларын жасауға мүмкіндік болды.  

Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан  ауыз су мәселесіне қатысты да сұрақ жиі қойылады. Ол бойынша фракция мүшелерінің ұсынысына сәйкес, сумен жабдықтау нысандарының тізбесіне министрлік 82 жаңа жоба  қосқан.  

Мәжілісмендер аймақтарды  аралау кезінде  жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша да қабылдады.   Нәтижесінде 2 жарым мыңнан астам өтініш қаралып,оның 320-дан астамы оң шешім тапқан.  Сондай-ақ, депутаттар базар бағамы мен  азық-түлік  қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайын ерекше бақылауда ұстап отырмыз дейді.    

Берік ОСПАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бағаларды тұрақтандыру үшін қазір 4 іс-шара жүзеге асырылып жатыр. Біріншісі- ол форвордтық сатып алу. Яғни, алдын-ала сатып алу, азық-түлікке келісім шарттарды құру. Ол үшін 140млрд теңге бөлініп, тиісті облыстарға ақша жеткізілген.Олар өз деңгейінде тиісті өнім өндірушілермен алдын-ала келісіп, келісімшарттарды құрып тұрақтандыру қорларын құрып жатыр.

Мәжіліс депутаттарының өңірлерді аралап, халықпен жүзбе-жүз кездесуі қуантарлық жағдай дейді,-тұрғындар. Өйткені осыдан кейін нәтижелі жұмыс болатынына сенеді.

БЛИЦ:

 - Халыққа деген бір қадам ғой. Егер ондай болмаса халықпен жаңағы үкімет арасында байланыс үзіледі. А онда қарым-қатынас болу керек. Сондықтан менің ойымша ол дұрыс қадам.

 - Жалпы иә біз ғаламтор желісінен да, теледидардан да қазір көріп жатырмыз.+Шалғай ауылдарға шейін аралап жатыр екен. Ол негізі менің ойымша, өз ойымша ол оң нәтижесін беретін сияқты

 - Халық не істеп жатқанын бәрін білу керек қой. Ішіне кіріп, қарап, не болып жатыр. Не болып жатқанын бәрін білу керек қой.


Әр тұрғынның арыз-шағымы, көтерген мәселесі назардан тыс қалмайды.  Барлық сұрақтар арнайы талдау хатқа жинақталып, Үкіметке жолданған. Қазір ол бойынша  тиісті  жұмыстар жүріп жатыр дейді -депутаттар.

Б. Сатуов