$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«AMANAT» партиясының кезектен тыс съезіне делегаттар сайлануда

AstanaTV
22.04.2022ж. 20:00
1083
«AMANAT» партиясының кезектен тыс съезіне делегаттар сайлануда

«AMANAT» партиясы кезектен тыс XXIII съезге дайындалуда. Жиында  «AMANAT» -қа «ADAL» саяси партиясын қосу мәселесі қаралмақ. Бұл партияның салмағын арттырып, ауқымды  шаруалардың атқарылу   мүмкіндігін кеңейтеді – дейді аманаттықтар. Бүгін еліміздің барлық аймақтарында облыстық саяси кеңес отырыстары өтті.  Кеңесте   съезге қатысатын делегаттар сайланды.

«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII съезіне Павлодар облысынан 23 делегат қатысады.  Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің толыққанды орындалуына барлық күшімізді жұмсап, осы бағыттағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыруымыз керек дейді олар.

Илья ТЕРЕНЧЕНКО, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Біз  бірлесіп жұмыс істеу арқылы алға қойған мақсат мүдделерімізді орындау жолында үлкен жұмыс атқарамыз деп ойлаймын. Бұл еліміздің дамуы мен халықтың әл ауқатын жақсартуда көмегін тигізеді.
 
Ал Маңғыстаудан облыстық филиалдың 13 депутаты съезге  делегат болып сайланды. Партия мүшелерінің пікірінше, бұл -Президент Жолдауын жүзеге асыруға қосымша мүмкіндік беретін маңызды оқиға. Сондықтан съездің саяси салмағына ерекше мән беру керек дейді.

Аббат ӨРІСБАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАНАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мемлекет басшысының Жолдауына байланысты, соңғы оқиғаларға байланысты, елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға байланысты бұл шаралардың барлығы партияның ұстанымын нығайтуға, қайраткерлерді нығайтуға, күштерді біріктіруге алып келеді. Бұл бірлестіктердің барлығы тек біздің қоғамымыз бен Қазақстан халқына пайда әкеледі.

Саяси кеңес отырысы Қарағанды облысында да өтіп, онда өңірден съезге қатысатын делегация құрамы бекітілді. Оған аймақ бойынша  34  партия мүшесі сайланды. Олар қоғамда белсенділік танытып жүрген  азаматтардан таңдалып алынған.

Ержан ХАМИТОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Бұл съезден нақты тапсырмалар беріледі деп есептеймін алдағы уақытқа. Біздің делегаттардың мақсаты қазір сол съезде айтылған тапсырмаларды орындауды қадағалау. Біздің партияның халықтың алдында берген уәдесін яғни, 25 жылға  дейінгі дайындалған жол картасының орындалуын қадағалау.


Партиялықтардың айтуынша  жергілікті әкімдіктер жол картасының не екенін білмейді. Сондықтан жоспарлы бағдарлама дұрыс орындалмай отыр. Партия мүшелері енді   елдімекендерде жол картасының орындалу барысын қадағаламақ. Оны арнайы құрылған қоғамдық кеңес мүшелері бақылап отырады.

Ә. Бердібеков