Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Петропавлда бірінші курс студенті колледж ауласында өз-өзіне қол салды

Петропавлда бірінші курс студенті колледж ауласында өз-өзіне қол салды

Петропавлда бірінші курс студенті колледж ауласында өз-өзіне қол салған.  19 жастағы бозбала өз тобының басшысы  болған көрінеді. Таныстарының айтуынша, жігіттің бұрын-соңды оғаш қылығы байқалмаған.  Жастың суицид жасауына  себеп?  Оқу орнында оған қысым көрсетілді ме? Аймақтағы тілшіміз Абзал Құрманкин оқиға болған жерге барып, мән-жайды білуге тырысты.

Абзал ҚҰРМАНКИН, ТІЛШІ:

Өз-өзіне қол салған-Құрылыс мамандығы бойынша білім алып жатқан бірінші курс студенті. Оқу ғимаратының алдындағы ағашта асылып тұрғанын бірінші күзетші көрген.  Бірақ, оның өзін неліктен өлімге қиғанын ешкім білмейді. Коллеж ұжымы таң атқаннан дүрлігіп жатыр.

Колледж басшылығы марқұмның ашық мінезді болғанын айтады. Топ басшысы болған. Ай сайын шәкіртақы алып отырыпты. Мұғалімдер үлгілі студенттің мұндай әрекетке баруына  не түрткі болғанын түсіне алар емес.

Наталья БЫВАЛЬЦЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚҰРЫЛЫС-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:

Біздің Самат Мағжан Жұмабаев ауданынан келді. Әкесі жоқ, анасы сол жақта тұрады. Ал ол осында пәтер жалдап тұрды. Сабақтан тыс құрылысшы болып жұмыс істеді.  Құрбыларымен қарым-қатынасы жақсы болатын. Сессия да әлі басталған жоқ. Сондықтан неге былай істегенін білмейміз.

Полиция бұл әске қатысты тергеу жүргізуде. Оқиғаның себебін анықтауға тырысуда.  

Нұрбек БАЕКИН, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ:
 
Өзіне өзі қол жұмсау бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 105 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп тексерілудің біріңғай тізіліміне енгізілді. Сараптама жұмыстары тағайындалды.
 
Марқұмның мәйітіне сот медициналық сараптама жасалады.   Айта кету керек, студенттердің өз -өзіне қол салу жағдайы Қызылжарда соңғы бес жылда мүлдем болмаған.

А. Құрманкин