Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Бала үстінде көз жұмған оралдық келіншектің туыстары дәрігерлерді салғырттығы үшін кінәлайды

Бала үстінде көз жұмған оралдық келіншектің туыстары дәрігерлерді салғырттығы үшін кінәлайды

Оралдық Эльвира Әшімованың өліміне туыстары дәрігерлердің салғырттығын кінәлайды. Бірақ олар ешкімді сотқа бермейтінін айтады. Дегенмен болашақта мұндай қайғылы жағдай қайталанбасы үшін кінәлі адамдар міндетті түрде анықталып, тиісті жазасын алуы тиіс дейді. Бала үстінде көз жұмған марқұмның артында бес сәбиі қалған. Ал күні кеше дүниеге келген егіз балаға бүгін азан шақырылып, Нарұл және Інжу деп ат қойылыпты.

Жәрдем ӘШІМОВ, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:

Медқызметкерлердің өздерінің сондай бір күнде болып жатқан жағдай сияқты. Уайымсыз, жайбарақат, немқұрайлылықпен қарап жүргенін байқап, өзім таңғалдым. Үкімет басындағылар, жоғарыдағылар өздері енді бір  қадағалап, тексеріс жіберуі керек. Енді біз қазір бұл жерде біреуді кінәлап, біреуді сотқа берейін деп жатқан ешнәрсеміз жоқ. Бірақ алдағы уақытта осындай жағдай болмасын деген ниетпен бір үлкен тексеріс керек екендігін айтқым келеді.
 
Кеше  оралдық Эльвира Әшімова егіз  босанғаннан кейін көз жұмған еді. Қазір осы оқиға ізімен қызметтік тексеру басталған. Айта кетейік, Орал перзентханасында бір аптаның ішінде екі әйел  бала үстінде қайтыс болды.

Е. Карин