Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алматы облысында суға кеткен балалардың мәйіті табылды

AstanaTV
04.05.2022ж. 20:00
1091
Алматы облысында суға кеткен балалардың мәйіті табылды
Алматы облысында бір үйдің екі баласы суға кетті.  8 жасар қыз бала мен 7 жастағы ұлдың мәйітін мамандар Жандосов ауылындағы суару каналынан алып шықты.

Жер үйлерге жақын орналасқан каналға  балалар ойнап жүріп құлап кеткен. Ауыл тұрғындары бұған шенділерді кінәләйді. Тереңдігі 1 жарым метр каналды қоршауды сұрайды.
 
Мұндағы жұрттың бәрі бұл каналды қауіпті деп санайды. Бұл туралы қанша айттық. Ешкім ешқандай шара қолданбады. Ең болмағанда жан-жағына мықты қоршау салса ғой.
 
Ал мамандар ересектерге ескерту жасады. Балаларға сақ болуға шақырады.

Игорь ЖУКОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Суда қаза болу мен жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін ата-аналардан кәмелетке толмаған балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Әсіресе маңайында өзен-көлдері бар тұрғындар балаларға мұқият болуы қажет.

Ә. Лесбек