$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы ауыл мектебіне барды

AstanaTV
25.05.2022ж. 20:00
1168
«AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы ауыл мектебіне барды

Солтүстік Қазақстан облысының Знаменское ауылдық мектебінен биыл 12 оқушы  түлеп ұшты. Мектеп бітірушілердің білім ұясымен қоштасу  салтанатына «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов   қатысты. Мерекелік жиында сөз алған партия хатшысы түлектерді мерейлі күнмен құттықтап, алдағы сынаққа сәттілік тіледі. Талабы таудай түлектерді білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымының да ұрпақ тәрбиесіндегі тынымсыз еңбектеріне ризашылығын жеткізді. Ауыл мектебінде 180 оқушы білім алады. Жыл санап мектептегі бала саны артып келеді. Мәселен биыл 25 бала білім ошағының табалдырығын аттаған. Мектептің білім бәсекелеріндегі нәтижелері де жаман емес. Оқушылар түрлі республикалық сындарда топ жарып, облыстық олимпиадалардан жүлделі орындар алып жүр.  

Нұрсұлу ЖҰЛТАНОВА, МЕКТЕП ТҮЛЕГІ:

Бүгін- біз үшін өте ерекше күн. Мектептен түлеп ұшып, үлкен өмірге алғашқы қадамымызды басып жатырмыз. Ұстаздар қауымына алғысым шексіз. Мен де педагог болам деген ойдамын.


Валерия БЕЙС, МЕКТЕП ТҮЛЕГІ:

Түлек атанғанымызға қуанып бір жағынан алтын ұя мектебімізді қимай тұрмыз. 11 жыл білім алған мектебімізді, балалық шағымызды артта қалдырып, үлкен өмірге жолдама алдық. Бізге бар зейінімен білім берген мұғалімдерге мың алғыс.

Ә. Бердібеков