Қарағанды облысының Балқаш қаласында әріптесіне оқ атқан әскери қызметкер қамауға алынды. Бұл туралы әскери прокуратура хабарлады. Оқиға 30-шы мамыр күні Қорғаныс министрлігіне қарасты нөмірі 53898 әскери бөлімінде тіркелген. Әскери қызметкердің әріптесіне неліктен қару қолданғаны әлі белгісіз. Жапа шеккен азаматқа жедел ота жасалған, жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру басталып кетті.
А. Қуаш