Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жастар "дипломмен ауылға" бара ма?

AstanaTV
29.06.2022ж. 20:00
840
Жастар "дипломмен ауылға" бара ма?

Аманаттықтар «Ауыл - ел бесігі» және «Дипломмен ауылға» жобаларын қайта қарауды ұсынды. Бүгін «AMANAT» партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысы өтті. Жиын барысында  «Ауыл - ел бесігі» және «Дипломмен  ауылға» жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқылады. Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов өзекті проблемаларды қозғады.  

Мәди АХМЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Жыл сайын жобаны қаржыландыруға бағытталған қаражат еселеп артқанымен нәтиже әлі күнге дейін, көңілге қонымсыз. Сапа сын көтермейді.  Әлі күнге дейін ауылдық жерлерде, шешімін талап ететін бірқатар түйткілді проблемалар бар. Елімізде 1500 мыңнан астам ауыл орталықтандырылған сумен қамтылмаған. 544 отандасымыз 21 ғасырда құдықтан су ішіп, тасуға мәжбүр болып отыр.

Партиялық бақылау комитетінің жұмыс тобы 2020-2022 жылдары «Ауыл-ел бесігі» жобасының іске асырылуына мониторинг жүргізген.   Солтүстік Қазақстан  облысы Афонькино ауылында мектепке жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары кезінде көп қателік кеткен.  Ал Ақмола облысы Сандықтау ауылындағы мектеп пен аудандық аурухана ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге және Ақмол ауылында дене шынықтыру сауықтыру кешенін салуға бөлінген қаражат игерілмей қалған. Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтың айтуынша, биыл 576 ауылда жобаларды іске асыруға республикалық бюджеттен млрдтаған қаржы бөлінген.

Бауыржан ОМАРБЕКОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Ауыл ел бесігі жобасын жыл сайын қаржыландыруды егер осы жылға біз жергілікті бюджеттерді қосатын болсақ, 140 млрд жобасы қосылған болса, біздің мынау 2025 тегі жоспарымыз жоспарланған межеге жету үшін орта есеппен 300 млрд теңгенің көлемінде қаржы бөліну керек.


Ал, партиялық бақылау комитетінің төрағасы Артур Платоновтың айтуынша, екі жоба бойынша ақпараттық қамтамасыз ету жұмыстары мардымсыз. Бұл олқылықтарды түзететін уақыт жетті дейді ол.  

Артур ПЛАТОНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әрбір елді мекеннің және әрбір нақты қатысушының жеке ерекшеліктерін ескеру қажет. Жас мамандар үшін қажетті сапалы әлеуметтік инфрақұрылым  жоқ. Көптеген құрылыс жұмысы сапасыз,  стандарттарға сай орындалмаған. Тек қана ақша құрту сияқты. Бұл жүйелі формализмнің және мемлекеттік бағдарламалардың беделін түсірудің көрінісі.

Ә. Дүкембаева