$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ұрланған 2 мыңнан астам қару қылмыскерлердің қолында

AstanaTV
18.07.2022ж. 20:00
1741
Ұрланған 2 мыңнан астам қару қылмыскерлердің қолында

Қаңтар оқиғасына байланысты 83 адам нақты мерзімге сотталды. Оларға билік өкілдеріне зорлық-зомбылық жасады, бөтеннің мүлкін жоюға байланысты ауыр қылмысқа қатысты, залалды өтемеді және өтелмеген соттылығы бар деген айып  тағылған. Оның ішінде Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан үш адам бар. Күдіктілер қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні Алматы қаласының орталық алаңында болып, басқа адамдармен топтаса, полицияның 42 қызметтік автокөлігін қиратқан. Қазір арнайы прокурорлар жаппай тәртіпсіздікке және 32 лаңкестік актісіне қатысты 53 қылмыстық істі тергеп жатыр. Еліміздің сегіз аймағында 30 мыңнан аса тергеу әрекеттері жүргізілген. 4 мыңнан аса сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Елдос ҚИЛЫМЖАНОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ 1-ҚЫЗМЕТ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір уақытта  349 күдікті қамауда. Олардың қиратуларға, ғимараттарды өртеуге, қаруларды жымқыруда, мемлекеттік обьектілерге және құқыққорғау органдары қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасауда белсенді қатысқаны анықталды. Әрбір қамауға алынған адам бойынша олардың қылмысқа қатыстылығы туралы жеткілікті мәліметтер бар. Барлығы қаңтар оқиғасы бойынша сотқа 479 қылмыстық іс жолданып, олар бойынша 545 адам сотталды.

Ішкі істер органдары қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 343 млн теңгеден астам соманың жеке меншік мүлкін тауып, тәркілеген. Сондай-ақ, 1729 қару және 42 мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленіп, заңсыз айналымнан алынды. Әлі де  2 мыңнан астам қару -қылмыскерлердің қолында.

Мұхтар ҚОЖАЕВ, ҚР ІІМ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өткен 2 апта ішінде ғана 40-тан астам қару тәркіленді. Және олардың жасырын сақтайтын 125 орны жойылды. Жүргізіліп жатқан түсіндіру жұмыстың нәтижесінде азаматтар мен ерікті түрде тапсырылған қарудың саны қазіргі таңда 212 бірлікке жетті. Бұл азаматтардың ешқайсысы қылмыстық немесе басқа да жауапкершілікке тартылған жоқ.

Т. Әлжанов