Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Сұрхан өзенінің белгілі бір аумағы жап-жасыл боп, жағымсыз иіс шығуда

AstanaTV
02.08.2022ж. 20:00
1919
Сұрхан өзенінің белгілі бір аумағы жап-жасыл боп, жағымсыз иіс шығуда

Атырау облысы Жұмекен ауылының тұрғындарын  Сұрхан өзенінің жайы алаңдатып отыр. Өзеннің белгілі бір аумағы жап-жасыл боп,   жағымсыз иіс шығуда.  

Екі мыңға тарта тұрғыны бар елдімекен ауыз суды осы өзеннен ішеді.  Су тазарту қондырғысының сүзгісінен өткенімен жағымсыз дәм кетпепті.  Адам түгілі мал беттемей қойған. Соңғы бірнеше күннен бері  халық суды аудан орталығынан көлікпен тасып ішіп отыр. 6 мың теңгеге құйғызып алған су бір аптаға да жетпейді,- дейді жұртшылық.

Ақтан ҚАЙЫРЛИЕВ, ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ ЖҰМЕКЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Дәм шыққан соң ішпейміз.  Ганюшкиннен алдырып отырмыз водовозбен.  6 мың рейсі. Жеке меншік водовоздар ғой. Акиматтан хабар жоқ. Дусть иісі шығып тұр. Жағаға келсең де шығып тұрады.  

Жауапты мамандардың    айтуынша, су ағынды емес, сондықтан ыстық күнде буланып, бұзылған болуы мүмкін.

Шынболат МУСИН, ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Сұрхан каналы ондай ағынды су емес, болжамымыз бар  су қазір испарение болып жатыр, ағынды су емес, тұрып қалған  содан ба екен деген сияқты.  Бірақ су сынамасының қорытындысы шықсын, содан кейін белгілі болады енді.  

Өзен суынан да, тазарту сүзгісінен өткен судан да сараптама алынған. Оның қорытындысы бірер күннен кейін шығады.

Б. Надірқызы