$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Кандидат Қ.Әбден кәсіпкерлікті қолдау арқылы отандық өнімнің үлесін арттырмақ

AstanaTV
09.11.2022ж. 20:00
1201
Кандидат Қ.Әбден кәсіпкерлікті қолдау арқылы отандық өнімнің үлесін арттырмақ

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден кәсіпкерлікті қолдау арқылы отандық өнімнің үлесін арттыруға болады дейді.

Үміткер Қарақат Әбден Арал қаласында кәсіпкерлікпен айналысатан отбасылардың бірінде болды. Шаруа қожалығына ат басын бұрып, жетістіктерін көрді. Қожалық қазір түйе, жылқы, ірі қара бағып отыр. Сүт өнімдері балабақшаларға жөнелтіледі. Ет, нан өнімдерін де шығарады. Кәсіпкер 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қазір Арал ауданында 80-нен астам шаруа қожалығы бар.

Зияғаладин ӨТЕНОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жігіттер жоңышқа, дәнді дақыл егумен айналысып жатыр. Халық көкөніс өнімдерін өсіруге құлшыныс жасап жатыр. Кім жұмыс істеймін дейді, оған жұмыс табылады. Жалқауларға еш уақытта жұмыс табылмайды.

Бұдан кейін кандидат Қызылорда қаласының тұрғындарымен кездесті. Сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы саяси науқан туралы ой-пікірімен бөлісті.

Т. Әлжанов