Жыл басынан бері 29 мыңнан астам адам «AMANAT» партиясының қатарына қосылды. Бүгін барлық өңірлік филиалда жаңа мүшелерге партия билетін табыстау салтанатты шарасы өтті. Қарапайым жұмысшы мамандықтардан бастап мәдениет, спорт сынды салалардың 50-ден астам белсенді өкіліне «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов өзі табыстады. Кездесу барысында партия төрағасы «AMANAT»-тың 800 мыңнан астам мүшесі барын айтып, саяси ұйымдар арасында көшбасшылығын сақтап келе жатқандығын тілге тиек етті.
Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Барлықтарыңызға партияға қош келдіңіздер дегім келеді. Өйткені бұл үлкен сенім, сеніммен қатар бұл үлкен жауапкершілік. Біздің мүддемізде бір, мақсатымызда бір. Ол елдегі тұрақтылықты сақтау. Тәуелсіздігімізді нығайту. Елді біріктіру, қоғамды мемлекет басшысының төңірегінде топтастыру. Бұл жолы да бәріміз бір кісідей жұмылуымыз қажет. Осы отырған әрқайсысыңыз ең белсенді мүшесі болады деп сенеміз.
Ә. Дүкембаева