Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Елордада «Сөйле» тілдесу үйірмесі ашылды

AstanaTV
17.01.2023ж. 20:00
1959
Елордада «Сөйле» тілдесу үйірмесі ашылды

Елордада «Сөйле» атты тілдесу үйірмесі ашылды. Ол «AMANAT» партиясы «Жастар рухы» жастар қанатының «Менің елім - менің тілім» республикалық жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба әзірге 12 аймақты қамтиды. Курсқа қатысу - тегін.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ауылды аймақтарда, облыс орталықтарында, Астана, Шымкент қалаларында 300 -ге жуық адам қызығушылық танытқанын байқап қалдық. Сондықтан да осындай жұмысты алғашқы кезекте жастардың арасында, әсіресе кейбір кездерде отбасымен келіп, балаларын да тілге үйретем деген азаматтарды қабылдап, сол азаматтарға жағдай жасап, осы клубтың жұмысын үйлестіретін боламыз.

Яков ФЕДОРОВ, «МЕНІҢ ЕЛІМ - МЕНІҢ ТІЛІМ» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БАСТАУШЫСЫ:

Методикамыз лайфкхактарды беру, тек қана граматиканы емес. Сөйлеу клубы біріншіден олар сөйлеу керек және біз лайфкахтарды береміз. Саяхат тілде ол мәдениетке саяхат ғой. Бізде тек қана сабақтар емес біздің әрқалай мәдени орындарға іс-шаралар болады, енді театр қазақша киноны көру және әртүрлі шаралар қазақ мәдениетімен танысу үшін.

Д. Оңласын