$478.35 €504.04 ₽4.86
×

Бразилиядағы нөсер жауын салдарынан 36 адам қаза тапты

20.02.2023ж. 20:00
509
Бразилиядағы нөсер жауын салдарынан 36 адам қаза тапты

Бразилияда тропикалық циклонның әсерінен құрбан болғандардың саны артуда. Қазіргі ақпарат бойынша, 36 адам қайтыс болған. Ондаған адам жоғалып кетті. Сан-Пауло штатында нөсер жауынның соңы су тасқынына ұласқан. Қазір қауіп аймағы жоғары деген 5 муниципалитетте төтенше жағдай режимі жарияланды. Ондаған үй қирап, жүздеген тұрғын эвакуацияланды. Су құбырлары істен шыққан. Жарық сөніп, ұялы байланыс жоғалды. Жағалаудағы елдімекендермен көлік қатынасы үзілген. Құтқарушыларға әскери авиация көмектесіп жатыр. Үйінділердің астында тағы ондаған адам бар.