Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Еліміздегі мектептерге түгел күзетші қою мүмкін емес –ҚР ІІМ

20.02.2023ж. 20:00
585
Еліміздегі мектептерге түгел күзетші қою мүмкін емес –ҚР ІІМ

Еліміздегі мектептерге түгел күзетші қою мүмкін емес. Бұл үшін қосымша қаржы бөлінуі керек, қызметшілердің санын көбейту қажет. Ішкі істер министрлігі Күзет қызметін бақылау департаменті басқармасы бастығының орынбасары Серік Құспанов осылай дейді. Оқушылар тиісті деңгейде қорғалмайды. Елімізде 7 мыңнан астам мектеп пен балабақшада лицензияланған күзет қызметі жоқ.

Серік ҚҰСПАНОВ, ҚР ІІМ КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Еліміздегі барлық оқу орындарына күзетші қою үшін штат санын ұлғайту қажет. Бұл үшін бюджеттен қосымша қаржы бөлінуі керек. Қазірдің өзінде еліміздегі 3600-ден астам жеке күзетте 94 мың адам жұмыс істейді. Оқу-ағарту министрлігі, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министріліктерімен бірге оқу орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жол картасы бекітілді.