Астанада Наурыз мерекесіне орай әзірленген ұлттық тағам рекорд орнатты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан рекорды орнатылғанын куәландыратын сертификат Астана әкімдігіне және Байқоңыр ауданының әкімдігіне берілді. Барлығы 2 100 литр наурыз көже дайындалды. Рекорд 2023 жылдың 22 наурызында тіркелді.
Ұлттық қазынаға айналған дәмді дайындау үшін аспазшылар тура бір күнін арнады. Оған жүздеген килограмм бидай, күріш және ет жұмсалды. Ататүрік саябағында өтіп бара жатқан адамдарға дайын өнім ұсынылды.
"Екі тоннадан астам наурыз көже — абсолютті рекорд. Бұрын бұл көрсеткіш түркістандықтарға тиесілі болатын. Екі жыл бұрын олар 2 мың литр наурыз көже пісірген. Бүгін бұл рекорд ресми түрде жаңартылды", — деді Гиннестің аймақтық қазақстандық рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.
Аспазшы Гүлнәр Жұмабекованың айтуынша наурыз көже көлемі 60-тан 150 литрге дейінгі бас-аяғы 10 қазанда дайындалған. Ал осыдан кейін олар 95 литр болатыр 20 бидонға құйылды.
Мереке қонақтарына бауырсақтар, ыстық тағамдар мен басты тағам – наурыз көже үлестіріледі.
Сондай-ақ, ашық аспан астында мерекелік көңіл күй сыйлау үшін түрлі-түсті фотоаймақтар, алтыбақан дайындалды. Жекелеген спорт алаңдарында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өткізіледі,-деп хабарлайды BAQ.KZ.