$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королімен телефон арқылы сөйлесті

AstanaTV
23.03.2023ж. 17:37
736
Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королімен телефон арқылы сөйлесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары бір-бірін барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Сондай-ақ екі елдің басшылары Қазақстан мен Иордания арасындағы қарым-қатынас перспективаларын талқылап, тұрақты байланысты жалғастыру жөнінде уағдаласты.