$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жамбылда ауыл әкімін жұмыс орынында пышақтап кетті

30.03.2023ж. 20:00
1158
Жамбылда ауыл әкімін жұмыс орынында пышақтап кетті

Жамбылда ауыл әкімін жұмыс орынында пышақтап кетті. Оқиға Меркі ауданы Ойтал ауылында болған. 42 жастағы ауыл тұрғыны ғимарат ішіне кіре сала, алдынан шыққан әкімге сөзге келместен суық қару алып жүгірген. Жымысқы ойын жүзеге асырған күдікті оқиға орынан шу шыққанша бой тасалап үлгеріпті. Көп ұзамай қаскөйді құзырлы орган қамауға алған. Сараптамада оның ішімдік ішкені мен есірткі қолданғаны белгілі болды. Облыстық психикалық орталықта 2013 жылға дейін тіркеуде тұрғаны да анықталды. Ал жарақат алған ауыл әкімі бірден ауруханаға жеткізіліп, шүғыл операция жасалған. Абырой болғанда, аман қалды.

Жанат ОСПАНОВА, МЕРКІ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Дәрігерлердің қарауынан кейін жедел түрде операцияға алынды. Екі күн жансақтау бөлімінде жатып, жағдайы қалыптасқаннан кейін хирургия бөліміне ауыстырылып, қазір ем-домын алып жатыр. Қазіргі таңда жағдайы бір қалыпты.

Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 106-шы бабаының 1-ші бөлігімен яғни денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.