Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Өскеменде аутизм дертіне шалдыққан балаларға арналған орталық ашылды

AstanaTV
21.09.2016ж. 20:00
2347
Өскеменде аутизм дертіне шалдыққан балаларға арналған орталық ашылды

Өскеменде аутизм дертіне шалдыққан балаларды бейімдеуге арналған орталық ашылды. Оған қазірдің өзінде 170-тен астам бала тіркеліп үлгерген. Олармен енді дефектологтар, психологтар, логопедтер мен физиотерапевтер жұмыс жасайды. Мамандар сондай-ақ аутист балалардың ата-аналарына да кеңес беріп отыруды мақсат етіп отыр.

Статистика бойынша, аутизм диагнозы қойылатын сәбилер саны артып барады. Мәселен, екі жыл бұрын дүниеге келген 88 баланың біреуі сырқат болып туылса, қазір халықаралық ұйымдардың мәліметінше, әрбір 44 сәбидің біріне осы диагноз қойылады.

Марат Айтмағамбетов, «Асыл мирас» қорының директоры:

«Асыл Мирас» - қайырымдылық қорының қолдауымен іске қосылған еліміздегі төртінші орталық. Өкінішке орай, Қазақстанда мұндай ауруға шалдыққан балаларға арналған диагностикалық қызмет жеткілікті деңгейде емес. Білім министрілігі берген дерек бойынша, екі мың бала. Ал Денсаулық сақтау министрілігі бұдан да аз сан беріп отыр. Ал шын мәнінде, өкінішке орай, бұдан екі есе көп.

Мамандар, мұндай балалардың бағдарламалауға қабілеті өте жақсы дамыған, дейді. Мысалы, Microsoft корпорациясындағы қызметкерлерің  5-20 пайызы аутистер болса керек. 

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ