Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Он алты жастағы жасөспірім 13 жасар құрбысын балғамен ұрып өлтіріп, әрекетін видеоға түсірген

AstanaTV
07.05.2023ж. 11:04
789
Он алты жастағы жасөспірім 13 жасар құрбысын балғамен ұрып өлтіріп, әрекетін видеоға түсірген

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында полиция 16 жасар екі азаматты ұстады. Олар 13 жастағы қыз баланы өлтіріп, әрекеттерін видеоға түсірген. Кейін барлығын әлеуметтік желідегі тікелей эфирде жариялаған. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі Prufy.ru платформасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Красногвардейский ауданындағы жетінші сынып оқушысы Василисаны жақындары 1 мамырдан бастап іздеген. Кешкі уақытта үйге келмеген, ал телефоны сөндірулі болған. Хабарсыз кеткен қызын табу үшін анасы полицейлерге хабарласқан.

Жоқ болып кеткен қыздың контактілерін зерделей отырып, полицейлер 16 жастағы Илья есімді блогерді табады. Оның телеграм-арнасын ашқан бетте төбе шаштары тік тұрады. Күдікті әлеуметтік желідегі арнасында ашықтан-ашық 13 жастағы Василисаны өлтіргенін айтқан.

Тергеушілер күдіктіні ұстағанда ол қызды өлтіруді алдын ала жоспарлағанын мәлімдейді.

"Достар, менің ғұмырым осымен бітті. Социопат бола тұрып, ешкімді сүймегенмін. Мұның бәріне танысым Василисаны жексенбіден дүйсенбіге қараған түні өлтіргенде нүкте қойылды. Мен оны басынан балғамен бірнеше рет ұрып, тіл тартпай кетуі үшін қылқындырдым. Мұны құдіретімді көрсетіп, сұмдық әрекеттерге бара алатынымды дәлелдеу үшін істедім. Өз-өзіме соны дәлелдей алдым. Жазадан құтылмасым анық. Бар болғаны өзіме қол жұмсаймын", - дейді телеграм-арнасындағы ең соңғы жасбасында тоғызыншы сынып оқушысы Илья.

Жедел іздестіру тобы оның үйіне барғанда ол сабырлы, салмақты әрі тергеуге дайын болып отырған. Ол сәуірдің 30-ы күні Василисаны орманға көңіл көтеруге шақырып, балғамен ұрып өлтіргенін айтқан. Оған 15 жастағы Анфиса есімді танысы көмектесіп, барлық әрекетті видеоға түсірген. Кейінірек күдікті блогердің айтқанынан Каменка маңайында полиция қызметкерлері зорлықпен өлтірілген қыздың мүрдесін тапты.

13 жастағы қыз баланы өлтірген соң, қылмыскерлер марқұмның ұялы телефонынан оның анасына енді келмейтінін, анасын жақсы көретінін жазып хат жолдаған. Одан соң телефонды шағып, мүрдемен қоса шұңқырға тастай салған.

Қаскүнемдер адам өлтіруге алдын ала дайындалған. Ормандағы қабірді бірнеше күн бұрын дайындап қойған. Адам жағасын ұстатар қылмысқа неліктен барғандары әлі түсініксіз. Өздерінің айтуынша, марқұмды бар болғаны ақ көңіл, көнбіс мінезі үшін таңдаған.

Әлеуметтік желідегі стрим барысында қылмыскерлер өз нышандарына әр түрлі сұрақ қойған. Сол арқылы оның назарын басқаға аудармақ болған. Бірақ бірер сәттен соң Илья әлгі қыздың артынан келіп, балғамен кем дегенде 10 мәрте қатты соққы жұмсаған.

"МОЙЫНДАУ МЕН МӘЗ БОЛУ"

Алғашқы әңгімелесу барысында күдікті езуін жыймай, камераға қол сермеген.

Күдіктімен диалог барысы:

"Камераға ма, әлде сізге қарайын ба?" - деп сұрады Илья.

Ол 15 жастағы Анфисамен бірге бір қызды серуенге шақырғанын айтты:

"Шынымен, қызық болды. Біз Васяны пикникке қонамыз деп шақырғанбыз. Негізінде алдын ала қабір қазылған жерге бардық, - дейді Илья.- Ол тамаққа деп ақша қосты. Ол келген бетте Анфиса оның көңілін аулады. Соны пайдаланып өлтірдім. Анығы, арт жағынан келіп балғамен ұрдым. Балғаны мүрдемен бірге көміп тастадық".

Одан кейін Илья камераға түсірілген видеоны компьютерге көшіргенін айтты.

БІР МЕКТЕПТЕ ОҚЫҒАН

Илья, қылмысты камераға түсірген, Анфисамен бірге оқыған. Бұл жайында "Фонтанка" порталына дерек беруші мәлімдеген. Дерек берушінің айтуынша, Илья Санкт-Петербургқа Башқұртстандағы кенттен көшіп келген. Оны Приморский ауданындағы мектептердің біріне орналастырған, бірақ ол екі жылдай оқыған. Ал 2022 жылы ол отбасылық жағдайларға байланысты Башқұртстанға оралуға мәжбүр болған.

Арада бірнеше ай өткен соң ол Петербургке оралады, бірақ бұрынғы мектебіне қайта орналаса алмайды. Соған қарамастан, Илья мектептегі достарымен байланысты үзбеген, тіпті жуырда мектепке келіп, мұғалімдермен сөйлескен.

Оның телеграм-арнасында басқа да посттар болған. Мысалға:

"Мегаломония - құдіретті, кей-кезде оны ел арасында тәкаппарлық деп атайды. Негізінде, дұрысы – тәкапарлықтың өтірігі. Бұл дегеніміз, есі кеткен таланттар мен мінсіздіктің көзге көрінбейтін үстемдігі секілді. Қарапайым тілмен айтқанда, ауру адам өз құдіретіне сенімді", – деп жазылған.

Ильяның таныстарының айтуынша, ол көпшіліктің арасында дараланып тұратын – шашын ұзын қылып өсіріп, ауыр әшекейлерді тағатын. Сондай-ақ басбұзар бұзықтық танытпаған. Бірақ ара-арасында құрдастарына тән әрекетке сай мұғалімдерге мінез көрсеткен. Оқуда үлгерімі жақсы болған, әсіресе гуманитарлық пәндер бойынша.

Ал қылмысты таспалаған Анфиса да мектептің үлгілі оқушыларының тізмінде. Қылмыс болғаннан кейін келесі күні қаннен қаперсіз сабақта болған.

Марқұм Василиса Петербургтің орталық гимназияларының бірінде оқыған. Ол ақ көңіл әрі мейірімді болған. Басты арманы сән саласында өзіндік орны бар анасының ізін басу еді.

Қазіргі уақытта күдіктілерге кесілетін жаза қандай болатыны қарастрылуда. Аса қатыгездікпен жасөспірімді өлтіруге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Егер сотта Ильның кінәсы дәлелденсе, ол өмір бойына абақтыға қамалуы мүмкін.