$482.86 €533.17 ₽5.08
×

Үндістанның Манипур штатындағы ұлтаралық қақтығыс салдарынан ондаған адам қаза тапты

AstanaTV
07.05.2023ж. 14:53
1051
Үндістанның Манипур штатындағы ұлтаралық қақтығыс салдарынан ондаған адам қаза тапты

Ресми деректер бойынша, Үндістанның Манипур штатындағы ұлтаралық қақтығыс салдарынан 30 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Манипурдағы тәртіпсіздік осы аптада штаттың ұлттық азшылық ұйымдарының штаттағы негізгі этникалық топқа олармен бірдей «тайпа» мәртебесін беру жоспарына қарсы митингісінен кейін басталды.

Бір топ адам үйлерді, автокөлік, шіркеу мен храмдарды қиратты. Жергілікті басылымдар жариялап жатқан ресми емес деректер бойынша қаза тапқандар саны 54 адамға жеткен.

10 мыңнан астам адам бүлікшілерден қорқып, өз үйлерінен қашуға мәжбүр болған.

Мыңдаған әскери қызметші штатқа тәртіпті бақылауға жіберілді.

Штаттың кейбір аймағында коменданттық сағат енгізілді, интернет бұғатталды.

Көршілес штаттар Манипурдағы студенттерін эвакуациялауды бастады.

Әскер жағдайды бақылауға алып жатқанын мәлімдеді, бірақ штат басшылығын тәртіпсіздікті тоқтату үшін жеткілікті күш салып жатпағаны үшін айыптады.

Үш миллион тұрғыны бар Манипур-Үндістанның ең шағын штаттарының бірі. Ол елдің солтүстік-шығысында, Мьянманың жанында орналасқан.