Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанада белгісіз ер адам жас балаларды аңдыған

AstanaTV
07.05.2023ж. 16:56
817
Астанада белгісіз ер адам жас балаларды аңдыған

Астанада белгісіз ер адам жас балалардың соңынан жүріп оларды үйдің есігіне дейін аңдығаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған,-деп жазады Айқын.кз

Кадрда ер адам үш баланың соңынан кіреберіске қалай кіргені көрініп тұр.

Осыдан кейін күдікті олармен бірге лифтке мінді. Сол кезде кабинаға тағы екі бала кірген. Ер адам балалар барған қабатқа дейін барды. Олардың қай пәтерге кіргенін қадағалаған ер адам есік астында ұзақ тұрды.

Сарыарқа ауданының полиция бөлімі ер адамның жеке басын анықтау шараларын жүргізіп жатыр.

"Қорытындысы бойынша оның әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады", - деді полицияда.