$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда 3 адамды атып өлтіріп, біреуін жаралаған жігіт өмір бойы бас бостандығынан айырылды

10.05.2023ж. 20:00
1673
Атырауда 3 адамды атып өлтіріп, біреуін жаралаған жігіт өмір бойы бас бостандығынан айырылды

Атырауда 4 жігітті атып өлтірген Маңғыстау облысының 30 жасар тұрғыны өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Жұрттың үрейін ұшырған қанды қылмыс былтыр наурыз айында болды. Күдіктінің жеңіл көліктегі адамдарға тапаншамен оқ жаудырғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 3 жігіт сол жерде тіл тартпай кеткен, тағы бір жігіт басына тиген оқтан ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Бір сәтте бірнеше отбасын қайғыдан қан жұтқызған оқиғаға бүгін қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында нүкте қойылды. Оның кінәсі сотта толықтай дәлелін тапты, - деді судья. Полицейлер күдіктіні ауылына қашып бара жатқан жерінен ұстаған. Оған сондай-ақ 4 отбасының әрқайсысына 10 миллион теңге моральдық шығын, одан бөлек материалдық шығын төлеуге міндеттелді. Бет-жүзін көрсетуден бас тартқан сотталушы үкімді қалыпты қабылдады.

Зарема ХАМИДУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

ҚР ҚК 58-бабының 4-бөлігіне сәйкес қылмыстар жиынтыны бойынша, Бауыржан Амангелдиевич Қараға түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жаза өтеу орны Бауыржан Амангелдиевич Қараға Қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесі белгіленсін. Қараға қолданылған күзетпен ұстауға бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылсын.