$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлерін қабылдады

16.05.2023ж. 20:00
1093
Мемлекет басшысы бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлерін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлерін қабылдады. Президент спортшыларды жарқын жеңісімен құттықтап, бұл күллі еліміз үшін айтулы оқиға екенін атап өтті. Жеңімпаздарға алдағы байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғайтынына сенім білдірді. Сондай-ақ, Қазақстан бокс федерациясының басшылығына, спортшылар мен бапкерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарын табыстады.