$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда бала өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты сот отырысы басталды

AstanaTV
04.10.2016ж. 20:00
2651
Павлодарда бала өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты сот отырысы басталды

Павлодарда бала өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты сот отырысы басталды. 12 жасар ұлынан көз жазып қалған Шәгіровтер әулеті күдіктінің тиісті жазасын алуын сұрап отыр. Айыпталушы кінәсін толық мойындап, жәбірленуші тарапты процессуалдық келісімге келуге шақырды.

Шәгіровтер әулетімен қоса бұл сот отырысын ақпарат құралдары өкілдері де асыға күткен. Уақыты бірнеше рет өзгертілген сот ақыры басталды. Жәбірленуші тарапты жақтаушылар көп. Қара жамылған ерлі-зайыптылар мен олардың туыстары әділдіктің орнайтынына үмітті. 12 жасар жеткіншектің өліміне әкелген жол апаты кезінде көлік тізгінінде 23 жастағы Ермұхан Сыздықов болған. Арнайы сараптама көлік сағатына 106 шақырым жылдамдықпен жүйткігенін анықтады. Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша іс қозғалған, 

Хотели бы заключить процессуальное соглашение. Ходатайство о заключении процессуального соглашения. 

Әсемгүл Мұхитқызы, тілші:

Әуелде бұл ұсынысты Шәгіровтер қабылдамады. Бірақ қорғаушысымен ақылдаса келе, айыпкердің сұрауына «иа» деп жауап қатты. Ымыраласудың себебін былайша түсіндіреді.

Таңат Шәгіров:

10 млн теңге шығын өндіру бойынша азаматтық талап арыз түсіреміз. Біздің қаржылық жағдайымыз қиын. Қазанның 1-де ұлымның жылын өткіздік. Оның өзін қарыз алып, несие рәсімдеп жасадық. Әйелім ғана жұмыс істейді. Денсаулығыма байланысты мен жарты күндік жұмысқа орналастым.

Әсемгүл Мұхитқызы, тілші:

Қайғылы оқиға өткен жылы қазанда орын алған. Әйелінің туған күнін атап өткен Таңат Шәгіров ұлы Мейраммен қонақтарды шығарып салуға шығады. Көліктің келе жатқанын көрсе де, «үлгереміз» деген оймен тасжолды төтесінен кесіп өтпек болған. Қатты жылдамдықпен келген көлік әкелі-балалы екеуді қағып кетеді. Жеткіншек алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ал отағасы қос аяғы бірдей сынып, ауруханаға түседі. Әуелде іс «қылмыстық құрам жоқ» деген себеппен жабылған. Тек ақпарат құралдары мен прокурорлар араласқан соң қайта қозғалып, сотқа жетті.

Мен әлі сенбеймін баламның жоқтығына.


Әсемгүл Мұхитқызы, тілші:

Темір тұлпарды тізгіндеген Сыздықовтың апат орын алған кезде жүргізуші куәлігі болмағанын ішкі істер департаменті растады. Енді бұл істің нәтижесі тараптардың ымыраласуына байланысты болмақ. Судьяның шешімімен келесі сот отырысы 24 қазанға белгіленді. Дәл сол күні үкім де жарияланады деген болжам бар.

  Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ