Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ұлыбритания фунты 17 пайызға арзандап, 30 жылда болмаған төмен көрсеткішке түсті

AstanaTV
13.10.2016ж. 20:00
2082
Ұлыбритания фунты 17 пайызға арзандап, 30 жылда болмаған төмен көрсеткішке түсті

Ұлыбританияда фунт бірден 17 пайызға арзандап, соңғы 30 жылда болмаған төмен көрсеткішке түсіп кетті. Халықтың басым бөлігі Еуроодақтан шығуды қолдап, референдум өткізгелі, британдықдардың ұлттық ақшасы құнсыздана бастады. Есесіне Лондонда люкс тауарлар арзандап кетті. Фунт арзандағалы сатушылар бағаны көтеріп үлгерген жоқ. Сондақтан қазір олардың бағалары әлемдегі ең төменгі баға болып отыр, - деп хабарлайды Ведомости басылымы.

Deloitte мәліметтеріне сүйенсек, Louis Vuitton-ның Speedy 30 қол сөмкесі Лондонда 645 фунт немесе 802 доллар тұрады. Дәл осы зат Парижден 850 долларға, ал Нью-Йоркте -  970, қытайда 1 115 доллар тұрады. Мамандардың есебінше, ірі тауарларды сатып алған шетелдіктердің шығыны 36 пайызға өскен. Ал Италияда керісінше сауда 11, Францияда 20 пайызға құлдырап кетті. Арзан брендтерді сатып алуда қытайлықтар белсенді. Олар көтерме саудаға кіріскен. Фунт құны құлдырағалы бері, Ұлыбритания туристер үшін тартымды бола бастады.