$494.87 €520.65 ₽4.91
×

ШҚО жарылыстан зардап шеккендер саны көбейді

23.06.2023ж. 20:00
951
ШҚО жарылыстан зардап шеккендер саны көбейді

Шығыс Қазақстан облысы Шемонайха қаласында газ құю станциясындағы жарылыстан тағы екі адам зардап шекті. Аудандық ауруханаға алдымен күйік шалған екі адам түскен. Екі ер кісінің жағдайы ауыр дейді, дәрігерлер. Қалған екеуі 15-20 пайыз күйікпен орташа жағдайда хирургиялық бөлімшеге жатқызылған. Өскеменнен білікті дәрігерлер бригадасы шақырылды. Жарылыс себебі әлі белгісіз. Полиция бұған қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады. Зардап шеккен отбасыларға барлық қажетті көмек көрсетіледі. Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Көшербаев Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Ермек КӨШЕРБАЕВ, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Өрттің шығу себептерін құзырлы органдар анықтайтын болады. Қаза болғандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Біз облыстағы осыған ұқсас нысандардағы жағдайдың қайталанбауы үшін жедел тергеу нәтижелерін міндетті түрде хабарлайтын боламыз.