$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Академик Манаш Қозыбаевтың еңбектеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

AstanaTV
25.10.2016ж. 20:00
8004
Академик Манаш Қозыбаевтың еңбектеріне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

«Академик Манаш Қозыбаев және отан тарихын зерттеудің инновациялық тұжырымдары». Осындай атаумен  Алматыда ғылыми-тәжірибелік конференция басталды. Келелі жиын көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Манаш Қозыбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Ұлттық тарихты қайта жаңғыртқан тұлға, көзі тірі болғанда, халық күткен тарихтағы талай сырды ашқан болар еді, - дейді замандастары. Оның ұрпағына қалдырған мұрасы бүгінде құнды дүниеге айналған.

Манаш Қозыбаев - кеңестік заманның саясатынан қаймықпаған жандардың бірі. Туған жердің байлығы, екінші дүниежүзілік соғыста жеңіс жолында аянбай күрескен азаматтардың ерліктері туралы ащы шындықтың бетін бүркемей, тарихи негізде жазды. 800-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Сол азаматтың арқасында 100-ден астам саяси қуғын-сүргін құрбандары қоғаммен қауышты. Кеш барысында Манаш Қозыбаев кітаптарының тұсауы кесілді.

Кенжеғали Сағадиев, академик:

Ақтаңдақтарды көп жыл зерттеген кісі. Ол ақтаңдақтар зерттелмегені емес, ол мынау біздің саясатқа жағымсыз болды. Саясатқа керегі жоқ болды. Сондықтан ол үнемі сандықтың ішінде жатты, сыры ашылмады. Ал Мәкең болса, сол ақтаңдақтарды жазып, жан-жақты зерттеп, шындықты халықтың назарына ұсына білді.