$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қызылжарда 8 жасар қызды зорлаған жігіт түрмеден құтылып шықты

09.08.2023ж. 20:00
2236
Қызылжарда 8 жасар қызды зорлаған жігіт түрмеден құтылып шықты

Қызылжарда 8 жасар қызды зорлаған жігіт түрмеден құтылып шықты. Бүгін сот үкімі шықты. Еске салайық, оқиға былтырғы жылдың шілде айында болды. Алексей Мальченко ұрлық үшін сотталып, өз жазасын еркін режимдегі колонияда өтеген. Бұл түзету мекемесінің ережесіне сәйкес сотталғандарға қалада жұмыс істеуге рұқсат етілген. Шілденің 13 күні кешкі сағат алтыда ол жұмыстан шығып, көше бойында ойнап жүрген қызды зорлап кеткен. Тергеу мен сот процесі бір жылға созылды. Ал бүгін қаскөйдің колонияға емес, психиатриялық диспансерге жіберілетіні белгілі болды. Тергеу барысында оның есінен адасқаны дәлелденді-мыс. Сорақысы сол, айыпталушы моральдық және материалдық өтемақыны да төлемейтін көрінеді.

Ерлан НҰРШӘРІПОВ, СҚО ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:

Алексей Мальченко есінен адасқандықтан қылмыстық жазадан босатылсын. Алексей Мальченко үш рет психиатриялық сараптамадан өтті. Оны сала мамандары жарты жыл бойы бақылады. Сондықтан оның ақыл есінде психиатриялық ақаудың барына күмән жоқ.