$503.15 €543.3 ₽5.93
×

Астанаға жұмыс істеуге барған тұрғынның жоғалып кеткеніне бір жылдан асқан

AstanaTV
13.08.2023ж. 16:27
1117
Астанаға жұмыс істеуге барған тұрғынның жоғалып кеткеніне бір жылдан асқан

Астанаға жұмыс істеуге кеткен Үштөбе қаласының тұрғыны із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Жоғалған адам - 1984 жылы туған Евтушенко Сергей Валерьевич. Ер адам астанаға 2022 жылдың сәуір айының басында кеткен. Одан кейін оның қайда кеткені белгісіз.

Белгілері: бойы 165-170 сантиметр, дене бітімі арық, шашы ашық қоңыр, көзі қара-жасыл, екі аяғында екінші және үшінші саусақтары біріккен.