Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Блогерлердің табысын тексеру қиынға соғатын секілді", - блогер

15.08.2023ж. 20:00
988
"Блогерлердің табысын тексеру қиынға соғатын секілді", - блогер

Бұдан былай желіні табыс көзіне айналдырған блогерлер салық төлеуге міндетті. Тиісті заң қыркүйек айында күшіне енеді. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратып, елді дүрліктіргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалайды. Әлеуметтік желіні пайдаланушылар расталмаған ақпарат таратса 69 мың теңге, ал кәсіппен айналысатын блогерлер 138 мың теңге айыппұл төлейді.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Блогерлер парақшасы арқылы ақша тапқанын жаһанға жар салып, «мен сияқты люкс брендтен зат, пәтер мен көлік алғың келсе, курсымды оқы» дейді. Дәлел ретінде шотындағы табысын көрсетіп мақтанатындар да бар.

Мысалы, миллиондаған оқырманы бар блогер түрлі курс сатады. Тіпті 2 күнде 700 000 теңге табамын деп жарнамалап жүргендері бар. ЗКТ: Сондай соманы сен де таба аласың деп сендіретіндер енді тапқан теңгелеріне салық төлейді. Миллиардтарын миллиондаған халыққа ашып көрсететіндер бұған қалай қарайды?

Ерғазы ӘЗІМХАНҰЛЫ, БЛОГЕР:

Дұрыс адамдар, дұрыс мамандар дұрыс есептеп, нақты бөліп, сөйтіп барып шығарса екен деп ойлаймын. Өйткені, бартерге жасалатын нәрселер болады табыстан бөлек деген секілді. Сосын көбісі кейбір агенстволармен жұмыс жасайды блогерлердің барлығы. + Жік-жігіне бөліп, дұрыс жағынан болса, әрине, оның болғаны дұрыс деп есептейміз. Бірақ ол қиынға соғатын секілді деп мен өзім ойлаймын.

Иә, табысты есептеу механизмі дұрыс болмаса, анықтау қиынға соғады.

Сапарбай ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Блогерлердің табысы бір өзінің еңбегі үшін сияқты болып көрінеді. Бірақ ол бәрібір біздің экономикамыздың бір құрылымы. Сондықтан ол салыққа тартылуы керек. Мен бұны дұрыс деп ойлаймын.

Заңға Мемлекет басшысы қол қойды. Құжат қыркүйек айында күшіне енеді. Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері блогерлердің табысын бақылаудың механизмін енгізіп жатыр. Келер жылдан бастап блогерлердің табысын анық көреміз дейді.

Айнұр САРТАЕВА, ҚР ҚМ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Кәсіпкерлігін тіркеген жағдайда олардың табысын қаншалықты толық көрсетіп отырғандығы жөнінде тексеру жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін интернет платформаларын мониторинг жасау жұмыстары жүргізіледі. Одан бөлек 3-ші тұлғалардың деректерін алу негізінде аталған бақылаулар жүргізіледі.

Ресми дерек бойынша елде 13 млн 800 мың адам, яғни қазақстандықтардың 70 пайыздан астамы әлеуметтік желіні пайдаланады. Заңнама бойынша интернеттегі жарнамалық контентті арнайы белгімен таңбалау міндеттеледі. Яғни, блогер әлеуметтік желіде жарнама жазса, одан түскен пайданың салығын да төлеу керек.