Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

"Ауызға түкіру әдеп-ғұрпымызда жоқ", - этнограф

15.08.2023ж. 20:00
1153
"Ауызға түкіру әдеп-ғұрпымызда жоқ", - этнограф

"Түкірігінді почта арқылы салсаң, ақшасын аударамын". Жұлдыздарға осылай деп хат жазатындар көбейген. Өзіме емес, өзгеге тартсын дейтіндердің қылығы таңғалдырады. Жалпы ауызға түкірту дұрыс па? Әріптесім Дәрібек Бахытбек зерттеп көрді.

Жұлдыз көрсе балам саған тартсын деп аузына түкіртіп алатындар көбейді. Тіпті, әнші көрсе жабыса кетеді.

Көпшілікке топырақ шашудан аулақпыз. Ырымға ғой деп ығыңына жығылатындар да, гигенаға сай емес дейтіндер де бар.

БЛИЦ-ОПРОС:

- Баланың аузына түкірту қаншалықты дұрыс?
Менің ойымша дұрыс емес.
- Әнші Ә. Әбуов деген дәстүрлі әнші үлкен балама түкірткем. Балам әнші.
- Жақындап келіп түкірген ол дұрыс емес деп ойлаймын. Кішкене гигенаны сақтап. Жәйменден ырымын жасаса ол жақсы.
- Попадать етпей жатырмыз. Ал мысалы былай осылай көріп қалсам мен түкіртуші едім. Қазір кетіп бара жатырсам ойбай деп түкіртуші едім.

Ал, этнографтар баланың аузына түкіртуді құптамайды. Себебі бұл дінде де, медицинада да дұрыс емес. Әуел баста үлкендер тек бетіне үпіріп, ақ батасын берген.

Болат БОПАЙҰЛЫ, ЭТНОГРАФ:

Түкірік деген микроф. Сөмкелерге түкіріп алып, кеселерге түкіріп алып, ішіп отырған шәйға түкіріп алып оны ішкізсе дерт, ауру жабысады. Сондықтан ондай әдет қазақтың ғұрпында болмаған. Кез келген уақытта кез келген баланың аузына маған тартсын деп түкіре беру дұрыс емес.

Бақытжан МҮПТІӘДІЛҰЛЫ, НАИБ ИМАМ:

Ислам тарихында дәл сондай бір жоралғы жоқ. Дегенмен соған ұқсас тахник деген жоралғы бар Пайғамбарымыз саллаллаху ғалейхи уа ссаламға сахабалар туылған жас сәбилерін балаларын әкеліп атын қойдырып, және Пайғамбарымыз саллаллаху ғалейхи уа ссалам құрмасынан дәм татып шайнап соның дәмін өзінің саусағымен мүбәрәк саусағымен сәбидің таңдайына жаққан.

Аурудың көбі түкіріктен жұғады. Дәрігерлердің айтуынша ауыз қуысында 30-40 мың микроб бар.

Батыр ҚОНЫСБЕКҰЛЫ, ДӘРІГЕР:

Біз балаға түкіру арқылы атап айтар болсақ мысалы герпес,стоматит дейміз гепатит дейміз гепатиттін әртүрі ауыз сілекейі арқылы адамға жұғып отырады. Сол ауруды баланың организіміне тасымалдайтын боламыз.

Танымал екен деп тыпыршып кететіндер бар. Оның отбасы, тәрбиесі қандай екеніне үңіліп жатқан ешкім жоқ. Оңын үстіне түкірсе балам төрге озады деген сенімнен ада болу керек.