Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Конституцияның барлық нормаларына байланысты ұсыныстар түсіп жатқанын байқадық", - саясаткер

29.08.2023ж. 20:00
824
"Конституцияның барлық нормаларына байланысты ұсыныстар түсіп жатқанын байқадық", - саясаткер

Реформалар Конституциялық сот жұмысын қайта жандандырды. Адам құқын қорғайтын маңызды органда белсенділік пайда болды. Саясаттанушы Серік Қалқаманов осылай деп пікір білдірді. Оның айтуынша былтырдан бастап қана азаматтар сотқа тікелей жүгінуде.

Серік ҚАЛҚАМАНОВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Біз халықтың еркіндік құқына жататын конституцияның барлық нормаларына байланысты ұсыныстар түсіп жатқанын байқадық. Бұл конституциялық соттың жұмысы. Ол өз жұмысын атқарып жатыр. Қоғамда талқыға түскен сұрақтарды қарап жатыр.

Айта кетейік былтыр референдум нәтижесінде Ата заңымызға біраз өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде Бас прокуратура адам құқықтарын қорғайтын тәуелсіз құзыретті мекемеге айналды,- дейді саясаткер.