Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қонаев қаласында Конституция күніне орай «Ата заңым – айбыным!» атты мерекелік жиын өтті

29.08.2023ж. 20:00
951
Қонаев қаласында Конституция күніне орай «Ата заңым – айбыным!» атты мерекелік жиын өтті

Қонаев қаласының тұрғындары Конституция күнін тойлауды бастап кетті. Бүгін қалада «Ата заңым – айбыным» атты мерекелік жиын өтті.

Әсем ән мен тәтті күй жиналған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлап, құлақ құрышын қандырды. Ата Заңымызды ұлықтаған жиында алғашқы болып облыс әкімі сөз алды. Ол "Конституция- азаматтардың құқығы мен бостандығын, қуатты мемлекетіміздің егемендігі мен бүтіндігін сақтайтын темірқазық" екендігін атап өтті.

Марат СҰЛТАНҒАЗИЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституциямыз жаңа сипаттағы Қазақстанның елдік іргетасын қалады. Осы жылдар ішінде Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде орнықты, дүние жүзінде өзінің лайықты орнын алды. 2022 жылы Конституциямыз заман талабына сай қайта жаңғырды. Бұл маңызды саяси қадам Қазақстан тарихында жаңа дәуір басталғанын айқындады.

Жиын барысында өңірдің бірқатар қоғам қайраткерлері «Алматы облысының құрметті азаматы» атағына ие болды. Олардың арасында белгілі журналист, мәдениет саласының үздігі, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты Қанат Тәкебаев бар. 50 жылдан астам уақыт журналистика саласына өз үлесін қосып келе жатқан тұлға алғашқы еңбек жолын аудандық газеттен бастап, кейін республикалық «Парасат» журналында жалғастырған.

Қанат ТӘКЕБАЕВ, ЖУРНАЛИСТ:

Ата заңымызды қазақ халқы қашан да ардақтап, айрықша құрметін көрсетіп келеді. Көптеген еңбегім үшін еленіп, бағаланғаным да жоғары мәртебе деп санаймын. Халқымыз қашан да Ата заңымыздың аясында осындай қуаныш пен шаттықты қошеметпен қол соғып тұрып, қарсы алып, мерейлі мерекені осылайша аспандатып атай берсін дегім келеді.

Ата Заңды құрметтеу баршаға бірдей азаматтық парыз. Айта кету керек, өңірде Конституция күніне орай бұдан басқа да бірнеше ауқымды шара жоспарланған.Мысалы, Есік қаласының 120 тұрғынына сатып алу құқығынсыз жалға беретін баспана кілті табысталмақ.