$494.87 €520.65 ₽4.91
×

"Мәслихат депутаттары арасында қос азаматтық дерегі анықталды",-Сенат төрағасы

05.10.2023ж. 20:00
998
"Мәслихат депутаттары арасында қос азаматтық дерегі анықталды",-Сенат төрағасы

Өткен жылы 841 адамнан қос азаматтық анықталса, ал биыл дәл сондай 525 құқық бұзушылық тіркелген. Олардың арасында депутаттар мен лауазымды тұлғалар да бар. Енді қос азаматтыққа қарсы күрес аясында, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу үшін Сенат Қазақстан мен Қытай Үкіметі арасында ақпарат алмасу туралы келісімді мақұлдады. Заңның мақсаты - екі ел азаматтарына қатысты көші-қон саласында ақпарат алмасу бойынша өзара іс-қимыл жасау. Бұл тұрғыда Сенат төрағасы елімізде заң талаптарын бұзатындарды жылдам анықтау керек екенін айтты.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Министрлік берген мәлімет бойынша, 2022 жылы қос азаматтықтың 841 дерегі анықталды. Ал биыл қаңтар-қазан аралығында 525 адам тіркелген. Қос азаматтығы барлардың арасында жергілікті органдардың депутаттары да бар. Сондықтан заң талаптарын бұзатындарды жылдам анықтап, шара қолдану керек.