Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Қарағандылық Мақсат Аханов «Алтын домбыра» иегері атанды

13.11.2023ж. 20:00
830
Қарағандылық Мақсат Аханов «Алтын домбыра» иегері атанды

Елордада еңбек адамына арналған айтыс өтті. Оны «AMANAT» партиясының қолдауымен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды. «Алтын домбыра» жыр аламанында бас-аяғы 16 ақын өнер көрсетті. Жиында алдымен сөз алған Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов өткізіліп отырған шара адал да табанды еңбегімен Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдеп келе жатқан азаматтарымызға арналады деді.

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекетті мемлекет қылатын, елді ел қылған бай бағыландар емес ол әрине еңбек адамдары. Мемлекет басшысының еңбек адамын құрметтеу керек деген сөздерін сіздер үнемі естіп жүрсіздер. Осы таяуда ғана өткен республика күнінде 700-ден аса еңбек адамы сол үлкен жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды. Осы залда отырған сіздер де еңбек адамдарсыздар, сіздерде адал азаматсыздар. Бүгін осы тақырыпта біз кесек ойларды естейміз деп біз ойламын.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені қарағандылық Мақсат Аханов иеленді. Оған «Алтын домбыра» және автокөлік табысталды. Ал жүлделі 1-орын және «Айтыс ақтаңгері» атағы қызылордалық Мейірбек Сұлтанханға, 2-орын павлодарлық Аспанбек Шұғатайға бұйырды. 3-орынды ұлытаулық Төлеген Жаманов пен Батыс Қазақстан облысынан келген Жансая Мусина өзара бөлісті. Бұл ретте, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова қазылар құрамы әдептен озбай, ардан аттамай әділ шешім қабылдағанын айтты.

Әсия БЕРКЕНОВА, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ АҚЫНЫ:

Қазақта сөз бар үндемесем өзіме-өзім төре, сөйлеп кетсем өзіме сөзім төре дейді. Сол сөзге бағаны жалғыз біз ғана емес, осы ел болып бүгін беріп, сіздердің көңілдеріңізден шығатындай бағалағанымызға мен өзімнің ұятымды, осы отырған қаылар алқасының бәрінің ары таза деп ойлаймын. Күміс көмейімен жақұттай жылт еткен ақындардың сөзін қолдапр бүгінгі күндеріңізді арнағандарыңыз атау өнерге, ұлық өнерге сіздердің құрметтеріңіз деп білемін.