Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Атырауда 870 орындық балабақша ашылды

AstanaTV
24.11.2023ж. 20:00
956
Атырауда 870 орындық балабақша ашылды

Атырауда 3 бірдей балабақша қолданысқа берілді. Әрқайсысы 290 орындық. Яғни, 900-ге жуық бүлдіршін мектепке дейінгі тәрбие алады. Жаңа ғимараттар «Нұрсая», «Береке» аудандарында орналасқан.

«Береке» ықшам ауданында 20 мыңнан астам халық тұрады. Соңғы жылдары жас отбасылар көптеп қоныстанып жатыр. Сондықтан бұл ауданда балабақша мәселесі күн тәртібінде. Әкімдіктің жоспарына сенсек, жыл соңына дейін 1740 орындық тағы 6 балабақша есігін ашады. Бақшалардың ашылу салтанатына облыс әкімі Серік Шәпкенов арнайы келіп, бүлдіршіндерді құттықтады.

Серік ШӘПКЕНОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бала деген біздің болашағымыз. Ертеңгі қоғам ол осы қазіргі біздің кішкентай бүлдіршіндерімізден басталады. Сондықтан да олардың өздерінің тиісті деңгейде тәрбие алып, білім алып, бәсекеге қабілетті ұлт болуына, ертеңгі елімізге адал қызмет етуіне жағдай жасау – біздің парызымыз.

Атырау облысы бойынша 17 мыңнан астам бала кезекте тұр. Сондықтан әлеуметтік нысанның қатары көбейгені біз үшін қуанышты жаңалық, - дейді қала тұрғыны Алтыншаш Құрмашова.

Алтыншаш ҚҰРМАШОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Өзім үш баланың анасымын. Екеіуінің біз тұратын «Нұрсая» ықшам ауданынан ашылып жатқанына біз ата-ана ретінде өте қуаныштымыз. Бүгін ашылып жатқан балабақша маған ұнады. Ішінің барлығы жап-жарық, жылы, балаларға ыңғайлы форматта заманауи үлгіде жасақталған.

Облыстың демографиялық динамикасына орай алдағы 5 жылда жаңа 40 балабақша салынуы қажет дейді әкімдік өкілдері. Ал бүгінгі күні 43 мыңға жуық бүлдіршін 319 мектепке дейінгі ұйымда білім алып жүр.