Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Петропавлда балтамен шабуыл жасаған жасөспірім 6,9 жылға сотталды

AstanaTV
30.11.2023ж. 19:29
678
Петропавлда балтамен шабуыл жасаған жасөспірім 6,9 жылға сотталды

Петропавлда мектепке балта мен пышақ апарып, үш балаға шабуыл жасаған жасаөспірім, 6 жыл 9 айға сотталды. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. 

Естеріңізге сала кетсек, оқиға биыл ақпан айында болған. Мектепке қаруланып, бетперде тағып барған оқушысы 3 баланы жарақаттаған. Екеуі жансақтау бөлімінде жатып шықты. Сот алқа билердің қатысуымен өтті. Жасөспірім оқушыларға қастандық жасап, өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот материалдарына сүйенсек, баланың мұндай әрекетке баруына сыныптастарына деген өшпенділігі себеп болған. Ол шетелдік кино көріп, басты кейіпкердің әрекетін қайталағысы келген.

"Сот Давид Джакиладзені кінәлі деп танып, 6 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар сотталушыдан жәбірленушілерге 1,5 млн теңге және 3 млн теңге моральдік өтемақы өтелсін",-дейді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбдіқаһар Еркебаев.